Басты бет/Алаңы
"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Алаңы

  • «ВСС Trade» сауда платформасы инвестициялау процесін барынша оңай және ыңғайлы етеді.
  • Жүйеге дүние жүзінің кез келген нүктесінен Интернет желісіне қосылған компьютер арқылы кіруге болады.
  • Ыңғайлы интерфейс технологиялармен жұмыс істеуге епсіз кез келген пайдаланушыға қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
  • Сауда бұйрықтарына электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен қол қоюға болады.
  • «ВСС Trade» сауда платформасы Сіздің уақытыңызды үнемдеуге және үйден шықпай-ақ мәміле жасауға мүкіндік береді.

«BCC Invest» АҚ өз клиенттеріне қызмет көрсетуді барынша ыңғайлы ету үшін сатылымдардың әртүрлі арналарын дамыту бойынша тұрақты жұмыс істейді. «BCC Invest» АҚ қашықтан сату, биржалық сауда үшін құралдардың кең ауқымын ұсыну жұмысын дамытуға үлкен көңіл бөледі.

Осы мақсатта біздің мамандар «BCC Trade» жүйесін әзірлеген болатын, бұл жүйе «BCC Invest» АҚ клиенттеріне үйден немесе офистен шықпай-ақ интернет арқылы бағалы қағаздармен мәміле жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «BCC Trade» жүйесі «BCC Invest» АҚ клиенттеріне «онлайн» режімінде қаржы құралдарының ағымдағы белгіленімдерін бақылауға, өзінің инвестициялық портфеліне кіруге, ақша қаражаты мен қаржы құралдарының қозғалысын бақылауға, белгілі кезең бойынша қаржы құралдарының құнының өзгеру кестесін құруға мүмкіндік береді.


Казахстанский и международный рынок

Қазақстандық нарықта да, халықаралық нарықта да сауда операцияларын жасау мүмкіндігі сауда платформасының айрықша ерекшелігі болып табылады. «BCC Trade» жүйесінің көмегімен Сіз Нью-Йорк, Лондон, Сеул және т.б. сияқты әлемдегі жетекші дүниежүзілік биржаларда ең ірі дүниежүзілік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып ала аласыз.
 


Қауіпсіздік

Шифрлеудің сенімді және сертификатталған әдістері Тұтынушыны қос қайтара аутентификациялау Электрондық цифрлық
қолтаңба
 

«BCC Trade» сауда платформасының мүмкіндіктері

  • Өзіңіздің брокерлік шоттарыңыздағы ақша қаражатыңыздың, бағалы қағаздарыңыздың және пайларыңыздың қозғалысын қадағалау
  • Тұтастай инвестициялық портфельдің және жекелеген бағалы қағаздар мен пайлардың кірістілігін есептеу
  • Белгілі бір кезең бойынша шоттың жай-күйі туралы үзінді көшірмені қарау
  • Жасалған барлық мәмілелердің өзекті күйін біліп отыру
  • Шоттағы қалдық өзгерген (бағалы қағаздар бойынша дивиденд немесе купондық сыйақы түскен, мәміле үшін комиссия алынған) кезде хабарлама алу
  • Қазақстан қор биржасында айналыста жүрген акциялар мен

Жүйенің электрондық цифрлық қолтаңба болған кездегі мүмкіндіктері:

  • Қазақстандық, сондай-ақ халықаралық нарықтарда сатып алу/сату бойынша биржалық мәмілелер жасау
  • Өзінің банктік шоттарына және үшінші тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару
  • «Парасатты баланс» Пайлық инвестициялық қорының пайларын сату
Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз