Басты бет/Корпоративтік қаржыландыру/Борыштық қаржыландыру (DCM)
"BCC Trade" сауда алаңың презентациясы

 Жүктеу, pdf, 160 кб

Пайдаланушы нұсқаулығы

 Жүктеу, pdf, 556 кб

Пайды сатып алу

Сіздің өтінішіңізге келесі телефон арқылы
кеңес бере аламыз:
+7 (727) 244-32-32 * 7204 жалғастыру
(Қазақстан ішінде қоңырау шалу тегін)

Алматыда қонырау шалу: +7 (727) 244-32-32

Борыштық қаржыландыру (DCM)

Борыштық қаржыландыру құралдары:

Облигацияларды шығару. Балама қаржыландыру көзі – облигацияларды шығару және орналастыру. Кәсіпорындар облигацияларды шығару арқылы борыштық қаржыландыруды тартуы мүмкін. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы облигациялармен қатар, ірі қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық қаржы нарығының айналымындағы еурооблигацияларды шығару мүмкіндігі бар. Еурооблигацияны шығару үшін үлкен дайындық жұмыс талап етіледі, алайда ол өте саналы пайыз мөлшерімен қаржыландырудың елеулі көлемін тарту мүмкіндігі арқылы артығымен өтеледі.

Облигацияларды қаржы құралдарының басқа түрлерімен салыстырып тексеру нәтижесі басқа тең шарттар қойылған кезде облигацияларды шығару айқын артықшылықтарды қамтамасыз ететінін көрсетіп отыр, соның ішінде:

  • Облигациялық қарызды шығару орта мерзімге және ұзақ мерзімге қарыз алу нарығындағы несиеге негізгі балама болып табылады;
  • Облигациялық қарыздар банктік несиеден орташа есеппен жылдық 2%-4%-ға арзан;
  • Ақша қаражатының үлкен көлемін тарту мүмкіндігі бар;
  • Төлем жасау және қарызды өтеу бойынша ыңғайлы кесте (әдетте, купонды төлеу – жылына 2 рет, негізгі борышты өтеу – мерзім соңында);
  • Компанияның имиджін/беделін нығайтады;
  • Бизнесті басқару сапасының өсуі.

Синдикатталған несие. Банктердің несиелеріне егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ, тек несиенің айтарлықтай күрделі түрі – синдикатталған несие бар екенін атап өтейік. Бір кредитор банктің бір қарыз алушыға белгілеген ең жоғарғы лимитінен асатын талап етілетін соманы беруге мүмкіндігі болмаған кезде, синдикатталған несие беріледі. Бұл жағдайда несиенің толық сомасын бірнеше банк береді.

Аралас қаржыландыру. Борыштық және тікелей қаржыландыруды араластырудың бірқатар мүмкіндіктері бар. Кәсіпорын артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы. Бұндай акциялар инвесторларға акционерлердің жиналысында дауыс беру құқығын бермейді, алайда ол бойынша кепілдік берілген дивиденд белгілену қажет. Сондай-ақ кәсіпорын айырбасталатын облигацияларды шығаруы мүмкін. Олардың жай облигациялардан айырмашылығы белгілі бір жағдайда оларды акцияға айырбастауға болады. Ірі кәсіпорындардың тәжірибесінде барынша күрделі құрылымдалған қаржы өнімдері кездеседі. Жай ғана құрылымдалған өнім – кәсіпорынның балансындағы акцияны кепілге қою арқылы берілген несие. Егер кәсіпорын несие үшін есеп айырыса алмаса, кредитор акционерге айналады.

«BCC Invest» компаниясы борыштық қаржыландырудың келесі шығарылымдарының және жобаларының айрықша қаржылық кеңесшісі және андеррайтері болды:

Сауда платформасынан кеңес алу

Androidқа арналған BCC Trade қосымшасын жуктеу мұнда.

Androidқа арналған ЭЦҚ нұскауларын жуктеу мұнда.

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз