ИПИҚ дегеніміз не?

«Парасатты баланс» пайлық инвестициялық қоры - сіздің ақша қаражатыңызды жинаудың әрі көбейтудің ең керемет тәсілі
 

Қарапайым сөздермен: бірнеше адамның салымдарынан ақшалай қор құрылып, басқарушы компанияның басқаруына беріледі. Қорды басқарушы бұл ақшаға әртүрлі бағалы қағаздар мен қаржы құралдарын сатып алады және оларды сатады. Қорды басқарушының қызметін басқарушы компанияның инвестициялық комитеті қадағалайды. Ал басқарушы компанияны реттеуші орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау комитеті бақылайды.
Өз бетінше басқарудан негізгі ерекшелігі аз ғана салымның өзі «кәсіби» болып табылатынында. Мысалы, 10 мың теңге сияқты аз ғана сомада салым жасап, Сіз акция, облигация, сондай-ақ алтынға, мұнайға және валютаға жасалған инвестициялар тең дәрежеде болатын портфельдің бір бөлігін сатып аласыз. Яғни Сіз бір мезгілде және тең дәрежеде қымбат емес жай акцияның, сол сияқты 50 мың доллар тұруы мүмкін облигацияның иесі болуыңыз мүмкін, бұл көптеген инвесторлар үшін сатып алуға қолжетімсіз баға болып табылады. 

ПИҚ-қа қаражат салу маңдай терімен тапқан капиталды ысырап ету тәуекелдігін азайту үшін қолданылады. Активтеріңіздің бір бөлігін Сіз депозитте сақтайсыз, екінші бөлігін жылжымайтын мүлікке саласыз, енді бір бөлігі қор нарығында, қалған бөлігі ПИҚ-та жұмыс істейді. Осылайша Сіз өзіңізді жинаған барлық қаражатыңыздан бір мезетте айырылып қалу қаупінен сақтандырып қана қоймай, кірісіңіздің пайызын көтересіз, себебі депозит бекітілген бір мөлшерде кіріс берсе, парасатты түрде таңдаған балама тәсіл сіздің кірісіңізді анағұрлым арттыра түседі. 

Артықшылығы 

  • Ағымдағы активтерінің шамамен 30% – доллардағы және еуродағы бағалы қағаздар. Қазақстан экономикасы тұрақсыздана бастағанда, яғни аз да болса құлдырау қаупі төнгенде, Қор активтерінің 70% дейін алдын ала валютаға көшіріледі. Осының нәтижесінде теңгенің девальвациясы жайлы уайымдамаса да болады. 
  • Қор нарығымен өз бетінше жұмыс істеу қажет емес. Сіз ПИҚ-қа ақша салып, ай сайын оның қызметі туралы есеп аласыз. Сіздің жинақталған қаражатыңыздың бір бөлігі депозитте жұмыс істейді, ал ПИҚ-тағы қалған бөлігі – тәуекелдіктерді бөлудің керемет мүмкіндігі.
  • Банктегі депозитте Сіз өзіңіздің ақшаңызды қайда салып жатқанынан бейхабар болсаңыз, біз салымшыларымызға қор активтерінің толық құрылымын ашып көрсетеміз.
  • Қордың ағымдағы активтерінің 1%-дан астамы қордың басқарушысына және қызметкерлеріне тиесілі. Сондықтан ол туындауы мүмкін тәуекелдіктерді барлық салымшылармен бірдей көтереді.
  • ПИҚ активтерінің шамамен 60% – «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржы тобы қызметкерлерінің салымдары, себебі олар ПИҚ пен депозит арасындағы айырмашылықты жақсы түсінеді. 
  • Депозитпен салыстырғанда, ПИҚ-та қаражат алуға қатысты шектеулер әлдеқайда аз. Әдетте, пайыздық мөлшерлемесі жоғары депозиттер алдын ала белгіленген сақтау мерзімін талап етеді және көбіне ол 3 жылды құрайды. Біздің ПИҚ-та тек екі талап бар: бастапқы салым ПИҚ-та кемінде 3 ай жатуы қажет және ПИҚ-тан комиссиясыз тек айына бір рет қана шығуға болады. Бұл қалған салымшылардың мүддесін қорғау үшін жасалады. 

Пайды қалай сатып алуға болады?

1. Енді шот ашу және пай сатып алу үшін Сізге «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ (БҚБТ) офисіне барудың қажеті жоқ.

Сізге «ПАИ сатып алу» сайты арқылы электронды өтінім беру және өзіңіздің дербес деректеріңізді көрсету қажет. Сіздің дербес деректеріңізді тексеріп болғаннан кейін біз қол қою үшін қажетті құжаттарды әзірлейміз, содан кейін Сіздің поштаңызға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен осы құжаттарға қол қоюға болатын бетке сілтеме көрсетілген хабарлама келеді. Құжаттарға тек Ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ көмегімен ғана қол қою қажет. ЭЦҚ-ны Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) кез келген бөлімшесінде алуға болады.


Қажетті барлық құжаттарға қол қойғаннан және шот ашқаннан кейін Сіздің өз банктік шотыңыздан, сондай-ақ BCC Trade сауда платформасы арқылы пай сатып алуға қаражат аудару бойынша операциялар жүргізуіңізге болады.
 

2. Ай сайын Сіз ПИҚ бойынша аналитика алып тұрасыз. Сондай-ақ біздің Компаниямыздың ресми сайтының негізгі бетінде онлайн режімінде пайлардың құнының серпінін қадағалауыңызға болады.

Баға саясаты

Жарнаның ең кіші сомасы – 10 мың теңге
Қорды басқару үшін жыл сайын алынатын комиссия – соманың 1.5%
ПИҚ-тан шығу, яғни ИПИҚ ережесіне сәйкес өз пайларыңызды сату тек айына бір рет – жылына 12 рет мүмкін болады.
Салымның жеңілдіктер алынбайтын ең кіші мерзімі – 3 ай.

Рұқсат етілген күндерден басқа кезде шұғыл ақша алу қажет болған жағдайда, салымшы өзге салымшылардың мүддесін қорғау үшін жеңілдікті төлеуге мәжбүр болады. Жеңілдіктің мөлшері:

0 айдан 3 айға дейін – салынған активтердің 1.5%
3 айдан жоғары – 0%

 

Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Өзіңіздің байланыс ақпаратыңызды кері байланыс үшін қалдырыңыз