KZ

10.07.2026
Құрметті инвестор, сізге «ЦентрКредит — Валютный» қоры бойынша 2026 жылғы 2-тоқсанға дивиденд есептелгенін хабарлаймыз.
Дивиденд мөлшері 1 пайға 1,66 АҚШ долларын құрайды.
Қор ережесі бойынша қор тоқсан сайын пай құнының жылдық 1,25% мөлшерінде дивиденд төлейтінін есіңізге саламыз.
Қор ережесіне сай 2026 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқығы бар пайшылардың тізілімі 2026 жылғы 30 маусымдағы күннің соңындағы жағдай бойынша тіркелді. Дивиденд 2026 жылғы 15 шілдеге дейін өзіңіз дивиденд алу үшін көрсеткен деректемелер бойынша толық төленеді.
Төленетін дивиденд сомасы қор активтерінен шегеріледі, сондықтан пай құны тіркелген күннен кейін шамалы төмендеді.
Егер бұрын сіз автоматты түрде қайта инвестициялауды таңдасаңыз, есептелген дивиденд ақшалай төлемнің орнына қордың пайын қосымша сатып алуға жіберіледі.
09.07.2026 ж. жағдай бойынша соңғы 12 айдағы қордың кірістілігі төленген дивиденд ескеріліп, жылдық 11,4%-ды құрады.
09.07.2026 ж. жағдай бойынша қор – басқарудағы активтердiң мөлшерi бойынша ашық және интервалдық қорлардың iшiндегi ең iрi инвестициялық пай қоры. Қордың таза активтерінің құны 88,2 млн АҚШ долларын құрайды.
2026 жылғы мамыр айының қорытындысымен ашық және интервалдық қор нарығындағы BCC Invest-тің үлес салмағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебіне сай 57%-ға дейін өсті.
Бізді таңдағаныңызға мың алғыс!