«Аэрофлот» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/683/9aa/eb6/6839aaeb692e0724199609.png

28.05.2025

«Аэрофлот» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі Ресей Федерациясының Ұлттық есеп айырысу депозитарийінен (НРД) SWIFT жүйесі арқылы «Аэрофлот – Ресей Әуе Желілері» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлама алғанын мәлімдейді. ISIN коды RU0009062285

Акционерлерге келесі дауыс беру нұсқалары ұсынылған:

  • 001 нұсқа — «қолдаймын» деген дауыс (CONY)
  • 002 нұсқа — «қарсымын» деген дауыс (CONN)
  • 003 нұсқа — дауыс беруден бас тарту (ABST)

Дауыс беру ерікті сипатта болады және әр нұсқа үшін дауыс беру құқығы расталуы тиіс

  • Жиналыс күні: 2025 жылғы 30 маусым
  • Тіркеу күні: 2025 жылғы 6 маусым
  • Нұсқауларды беру мерзімі:
    • 001 және 002 нұсқалар үшін — 2025 жылғы 27 маусымға дейін
    • 003 нұсқа үшін — 2025 жылғы 30 маусымға дейін

Күн тәртібі туралы толық ақпарат кейінірек ұсынылады. Қатысушыларға брокерлеріне немесе орталық депозитарийге хабарласып, нұсқаулық беру және кеңес алу ұсынылады

Кеңес алу үшін көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
+7 727 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343)