Air Astana IPO өткізу ниетін растады

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/65d/ae3/659/65dae365971cb313412537.png

2024-01-29

«Эйр Астана» АҚ («Компания») бүгін AIX, KASE және Лондон қор биржасында («Әлеуетті ұсыныс») листингке шығу ниетін растады.


Егер Компания кейіннен Әлеуетті ұсынысты жалғастыру туралы шешім қабылдаса, BCC Invest Қазақстан Республикасындағы ықтимал ұсынысқа байланысты бірлескен букренер («Жергілікті үйлестіруші») ретінде қатысады.


Осылайша, IPO шеңберінде Қазақстандағы инвесторларға AIX және KASE бойынша жай акциялар және AIX бойынша жаһандық депозитарлық қолхаттар (GDR) ұсынылады.


Орналастыру нәтижесінде Қоғамның еркін айналымдағы бағалы қағаздарының саны Қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санының кемінде 25%-ын құрайды. Бағалы қағаздарды сатып алуға өтінімдерді жинау және Қоғам басшылығының роуд-шоу рәсімі 2024 жылдың 29 қаңтарынан басталады деп күтілуде.


Өтінімдерді жинау процедурасы басталғаннан кейін Қазақстандағы әлеуетті инвесторлар Ұсынысқа қатысуға өтінімдерді онлайн, BCC Invest және Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы бере алатынын естеріңізге саламыз.


Толық ақпаратты біздің аналитикалық есебімізден оқи аласыз.