Alibaba Group Holding Limited – Жылдық жалпы акционерлер жиналысы (ISIN US01609W1027)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68b/18d/336/68b18d336b65a276561296.png

28.08.2025

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі Alibaba Group Holding Limited компаниясының жылдық жалпы акционерлер жиналысы өтетіні туралы хабарлайды.
Жиналыс 2025 жылғы 25 қыркүйекте, сағат 21:00-де (эмитент уақытымен) виртуалды форматта электрондық құралдар арқылы өткізіледі.

Күн тәртібі:

  1. Артықшылықты құқықсыз акциялар немесе акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешімді бекіту.
  2. Шығарылған акционерлік капиталды кері сатып алуға өкілеттік беру.
    3.1. Эдди Ёнмин Вуды директор ретінде сайлау.
    3.2. Джерри Янды директор ретінде сайлау.
    3.3. Ван Линг Мартеллоны директор ретінде сайлау.
    3.4. Альберт Конг Пинг Нг-ты директор ретінде сайлау.
  3. PricewaterhouseCoopers Zhong Tian LLP және PricewaterhouseCoopers компанияларын тиісінше Гонконг пен АҚШ аудиторы ретінде бекіту және олардың сыйақысын белгілеу өкілеттігін Директорлар кеңесіне беру.

Дауыс беру нұсқалары: «Қолдаймын», «Қарсымын», «Қалыс қаламын», «Әрекетсіз».