Ақпаратты ашу — CHINA MOBILE LTD (ISIN HK0941009539)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68e/f4c/a33/68ef4ca33a394663665252.png

14.10.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ CLEARSTREAM BANKING AG, FRANKFURT ұйымынан CHINA MOBILE LTD (ISIN HK0941009539) эмитенті бойынша «Ақпаратты ашу» корпоративтік әрекетіне қатысты SWIFT-хабарлама алғанын хабарлайды.

Хабарламада көрсетілгендей, Гонконгтың «Бағалы қағаздар және фьючерстер туралы» заңының (Chapter 571, Section 329) талаптарына сәйкес Clearstream Banking Luxembourg ұйымы CHINA MOBILE LTD (CCASS 941) атынан әрекет ететін Orient Capital компаниясынан ақпарат ашу туралы сұрау алған.

Осы заңға сәйкес инвесторлар өздерінің иелігіндегі акциялар туралы ақпаратты эмитентке ашуға міндетті болуы мүмкін. Сондай-ақ, инвесторлар CBL Market Guide құжатында көрсетілген ішкі нарық талаптарын орындауға тиіс.

Бұл хабарлама тек ақпараттық сипатта берілген, инвесторлардан ешқандай нұсқау талап етілмейді.

Дербес деректерді қорғау туралы қосымша ақпарат Clearstream сайтында қолжетімді:
https://www.clearstream.com/clearstream-en/about-clearstream/due-diligence/gdpr/dataprotection

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
+7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі. 335, 494, 342, 343).