ASTRAZENECA PLC акциялары бойынша ақпаратты ашу (GB0009895292)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a5/f01/f8c/6a5f01f8c8565563233889.png

20.07.2026

ISIN GB0009895292 ASTRAZENECA PLC акциялары бойынша корпоративтік оқиға туралы хабарлаймыз.

Корпоративтік оқиға түрі: ақпаратты ашу.
Оқиғаның сипаты: міндетті.
Тіркеу күні: 2026 жылғы 9 шілде.

Ұлыбританияның 2006 жылғы Компаниялар туралы заңының 793-бөліміне сәйкес эмитент акция иелері туралы ақпаратты ашу жөнінде сұрау жіберді.

Осы сұрау шеңберінде эмитенттің агентіне бағалы қағаздар иелерінің жеке басы және оларға тиесілі акциялар саны туралы мәліметтер беріледі.

Инвестор үшін қаржылық салдар көзделмеген: акциялар есептен шығарылмайды, ауыстырылмайды немесе бұғатталмайды, ақшалай төлем қарастырылмаған.

 Инвестордың әрекеті: талап етілмейді. Хабарлама тек ақпараттық мақсатта жіберілді.