ATAI Beckley Inc. компаниясының бірігуі, ISIN US04650F1012

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a5/f02/770/6a5f02770eb38095843092.png

20.07.2026

Құрметті инвесторлар!

ISIN US04650F1012 ATAI Beckley Inc. биофармацевтикалық компаниясының акцияларына қатысты міндетті «Бірігу» корпоративтік оқиғасы туралы хабарлаймыз.

Бірігу нәтижесінде инвесторға тиесілі әрбір акция бойынша:

  • ATAI Beckley Inc. акциясы есептен шығарылады;
  • 6,75 АҚШ доллары төленеді;
  • қосымша төлем алуға бір шартты құқық — CVR беріледі.

Әрбір CVR бойынша инвестор болашақта дәрілік препараттарды әзірлеудің келісімде көзделген клиникалық және реттеуші кезеңдеріне қол жеткізілген жағдайда жалпы сомасы 2,50 АҚШ долларына дейінгі қосымша ақшалай төлем ала алады. Қосымша төлемге кепілдік берілмейді және белгіленген талаптардың орындалуына байланысты.

Оқиға түрі: міндетті.
Инвестордың әрекеті: талап етілмейді.
Жарияланған күні: 2026 жылғы 17 шілде.
Оқиғаның күшіне ену күні және төлем күні: әзірге анықталмаған.

Ақшалай қаражат пен шартты CVR құқықтары корпоративтік оқиға аяқталғаннан және жоғары тұрған депозитарийден тиісті активтер алынғаннан кейін есепке алынады.