BCC Invest $1,2 млрд-қа дейінгі сомаға Solidcore Resources акцияларын кері сатып алу жөніндегі брокер болып тағайындалды

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6ab/653/6c9/6ab6536c9c206406604729.png

24.09.2026

«BCC Invest» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы («BCC Invest») Solidcore Resources plc («Solidcore», «Компания») жариялаған 1,2 млрд-қа дейінгі сомаға жай акцияларды кері сатып алу бойынша тендерлік ұсыныс аясында уәкілетті брокер болып тағайындалды.


Тендерлік ұсыныс аясында Solidcore 102 915 952 дейін жай акцияны кері сатып алуды жоспарлап отыр, бұл Компанияның ағымдағы шығарылған акционерлік капиталының шамамен 23,2%-ын құрайды. Кері сатып алу бағасы бір акция үшін $11,66 деңгейінде белгіленген және 2026 жылғы 7 қыркүйекте аяқталған 30 күндік кезеңдегі акциялардың сауда-саттық көлемі бойынша орташа алынған бағасының 10% мөлшеріндегі сыйлықақыға сәйкес келеді.


Тендерлік ұсыныс ерікті сипатта: ұсыныс шарттарына сәйкес келетін акционерлер кері сатып алуға өздеріне тиесілі акциялардың бір бөлігін немесе барлығын шығара алады. Тендерлік ұсынысқа қатысу туралы шешімді әр акционер өз бетінше қабылдайды.


Мәміленің мақсаты – акционерлерге артық капиталды бір рет қайтару. Тендерлік ұсынысты іске асыру оны 2026 жылғы 30 қыркүйекте Астанада өтетін Компания акционерлерінің жалпы жиналысында акционерлердің мақұлдауына байланысты. 


Тендерлік ұсыныстың негізгі параметрлері:

  • Көлемі: 102 915 952 дейін акция (қазіргі акционерлік капиталдың шамамен 23,2%-ы).
  • Бағасы: бір акция үшін $11,66.
  • Ең көп сома: $1,2 млрд-қа дейін.
  • Өтінім қабылдау: 2026 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 11:00-ден бастап 2026 жылғы 12 қазан күні Астана уақытымен сағат 17:00-ге дейін.
  • Өтінімнің күшін жоюға тек 2026 жылғы 8 қазан күні Астана уақытымен сағат 17:00-ге дейін мүмкіндік бар.
  • Есеп айырысу: шамамен 2026 жылғы 15 қазан.


Кері сатып алуға қатысуға өтінім беру үшін өтінішті sales@bcc-invest.kz эл. поштасына жіберіңіз.