KZ

27.04.2026
Еліміздің жетекші инвестициялық компанияларының бірі биылғы жылдың сәуір айында Citigroup және J.P.Morgan компанияларымен бірлесіп, Kaspi.kz компаниясының долларлық еурооблигацияларын орналастыруда жергілікті менеджер ретінде қызмет атқарды.
Еурооблигациялар144A/Regulation ережелері аясында орналастырылды. Шығарылым көлемі 600 миллион АҚШ долларын құрады, айналыс мерзімі –бес жыл (2031 жылға дейін), купондық мөлшерлеме – жылдық 5,90%. Мәміле институционалдық инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, кәсіби инвестициялық қоғамдастықтың кең ауқымды қатысушыларын біріктірді.
Бұл мәміле BCC Invest компаниясының Kaspi.kz еурооблигацияларын халықаралық нарықта орналастыруға қатарынан екінші рет қатысуы болды.
«2025 жылы біз көлемі 650 миллион АҚШ долларын құрайтын, айналыс мерзімі бес жыл болатын Kaspi.kz еурооблигацияларын орналастыруда жергілікті менеджер ретінде қызмет атқардық. Бұл шығарылым мәміле жасалған сәтте Қазақстандағы мемлекеттік емес эмитенттердің арасында инвестициялық рейтингке ие облигациялар бойынша көлемі жағынан маңызды орналастырудың бірі болды», — деп атап өтті BCC Invest Басқарма Төрағасының орынбасары Әлібек Оразақов.
BCC Invest компаниясының қатарынан екінші мәмілеге қатысуы оның халықаралық капитал нарықтарындағы белсенділігін және қазақстандық эмитенттермен сыртқы нарықтарда қаржы тарту кезінде өзара іс-қимылын көрсетеді.
Осы шығарылым аясында тартылған қаражатты жалпы корпоративтік мақсаттарға бағыттау жоспарланып отыр.