BCC Invest «KASE SME Qadam Bonds» — KASE-нің жаңа бағдарламасының қаржылық кеңесшісі болды

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/698/96f/c21/69896fc21be39681569949.png

09.02.2026

Еліміздің жетекші BCC Invest инвестициялық компаниясы шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытуды қолдауға бағытталған «KASE SME Qadam Bonds» – жаңа KASE бағдарламасының қаржылық кеңесшісі болды.


Биыл қаңтар айынан бастап «KASE SME Qadam Bonds» бағдарламасы басталды, оған «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) бастама көтерді. Бағдарламаның мақсаты – нақты экономика секторында жұмыс істейтін ШОБ компаниялары үшін неғұрлым қысқа мерзімде және аз шығынмен облигациялар шығару арқылы кәсіби инвесторлар нарығында қаржыландыру тарту.


Осы Бағдарлама аясында жүк тасымалына маманданған «Rokos Logistics» компаниясы бірінші эмитент болды.


3 ақпанда компанияның облигациялары KASE-нің ресми тізіміне 800 миллион теңге сомасында айналыс мерзімі үш жыл болатын облигациялармен енгізілді. Сонымен бұл шығарылым Бағдарлама аясында дебюттік шығарылым болды.