Booking Holdings Inc. акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (ISIN US09857L1089)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/69e/b64/51d/69eb6451d05da970387342.png

23.04.2026

Booking Holdings Inc. акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Жиналыс күні мен уақыты: 2026 жылғы 02 маусым, 11:00
Өткізу форматы: виртуалды жиналыс
Жиналыс сайты: www.virtualshareholdermeeting.com/BKNG2026
Тіркеу күні: 2026 жылғы 07 сәуір
Дауыс берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 22 мамыр, 18:00 UTC

Күн тәртібіне Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, басшы лауазымды тұлғалардың сыйақысын бекіту бойынша кеңесші дауыс беру, Deloitte Touche LLP аудитор ретінде бекіту, құрылтай құжатына өзгерістер енгізу, сондай-ақ саяси шығыстар және адам құқықтарына қатысты елеулі мәселелері бар өңірлердегі қызмет тәуекелдері туралы есептерді қарау кіреді.

Дауыс беру нұсқалары: «Жақтаймын», «Қарсымын», «Қалыс қаламын», «Өкіл тағайындау» немесе «Әрекет жасамау».
Инвестор әрекеті: дауыс беруге қатысу үшін белгіленген мерзімге дейін нұсқау жолдау қажет. Бағалы қағаздарды бұғаттау көзделмеген.