BRITISH AMERICAN TOBACCO PLC: акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (ISIN US1104481072)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/69b/3a7/f35/69b3a7f35abba643292806.png

11.03.2026

«BCC Invest» АҚ BRITISH AMERICAN TOBACCO PLC бағалы қағаздары бойынша корпоративтік оқиға — акционерлердің жылдық жалпы жиналысы туралы хабарлайды.

Жиналысқа қатысу үшін есепке алу күні: 2026 жылғы 2 наурыз.
Жиналыс өтетін күн: 2026 жылғы 15 сәуір.

Инвесторлар жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс бере алады. Инвесторларға келесі әрекеттер қолжетімді:

  1. «Қолдаймын» деп дауыс беру.
  2. «Қарсымын» деп дауыс беру.
  3. Қалыс қалу.
  4. Өкіл арқылы дауыс беру (proxy).
  5. Ешқандай әрекет жасамау.

Дауыс беруге қатысу үшін бағалы қағаздарды бұғаттау талап етілмейді. Ішінара және бөлінген дауыс беруге рұқсат етіледі.

Күн тәртібіне қаржылық есептілікті бекіту, сыйақы туралы есепті бекіту, аудиторды тағайындау, директорларды сайлау және қайта сайлау, акцияларды шығару және нарықтан сатып алу өкілеттіктерін беру, сондай-ақ компанияның корпоративтік басқаруына қатысты басқа да мәселелер енгізілген.

Жиналыс өтетін орын: Hilton London Bankside, 2-8 Great Suffolk Street, London SE1 0UG, Ұлыбритания.