KZ
05.05.2025
Құрметті клиенттер!
Сіздерге 2025 жылғы 05 маусымнан бастап «BCC Invest» АҚ (бұдан әрі – Басқарушы компания) Директорлар кеңесі бекіткен, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі келіскен және Басқарушы компанияның интернет-ресурсында 05.05.2025 жылы жарияланған «ЦентрКредит – Разумный баланс» интервалдық инвестициялық пай қорының (бұдан әрі – «Разумный баланс» қоры) Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар күшіне енетінін хабарлаймыз.
Енгізілген өзгерістер ескерілген Ереженің редакциясымен төмендегі жүктеу батырмасы арқылы таныса аласыздар.
«Разумный баланс» қоры – мөлшері мен кірістілігі бойынша Қазақстанның инвестициялық пай қорлары нарығының көшбасшыларының бірі.
«Разумный баланс» қорының 28.04.2025 жылғы жағдай бойынша соңғы 12 айдағы кірістілігі (төленген дивидендті қоса алғанда) жылдық 22,63%-ды құрайды.
«Разумный баланс» қорының таза активтерінің құны 28.04.2025 жылғы жағдай бойынша 8,44 млрд теңгені құрайды.
«Разумный баланс» қордың ережесiне енгізілген негiзгi өзгерiс – дивиденд тоқсан сайын төлеу алынып тасталды.
Бұл өзгеріс пайшылар үшін және Қор кірістілігінің өскенін қадағалау үшін қолайлы жағдай жасау мақсатын көздейді, бұл ретте Қор активтері құнының жалпы өсуі Қор пайлары құнының өсуінде тікелей көрінеді.
Дивидендтi мiндеттi түрде тоқсан сайын төлеудi алып тастау пайшылар үшiн мынадай өзгерiстерге әкеп соғады: дивиденд төленген сайын пай құны төмендемейдi.
Дивиденд төлеуге арналған сома Қор портфелінен шығарылмайды, ал одан әрі инвестициялау үшін пайдаланылады.
«Разумный баланс» қорының пайларына инвестициялаудың қалған шарттары өзгеріссіз қалады.
Бұл ретте Басқарушы компания Қордың инвестициялық стратегиясын іске асыруға нұқсан келтірмей, Басқарушы компанияның шешімімен дивиденд төлеу құқығын өзіне қалдырады.
2025 жылғы наурыз – мамыр айларында «Разумный баланс» қорының пайшыларына дивиденд төлеу
2025 жылғы маусым айында «Разумный баланс» қорының пайшыларына 2025 жылғы наурыз – мамыр айлары үшін Қордың қолданыстағы Ережесіне сай пай құнының 2,25%-ы мөлшерінде дивиденд төленеді.
Дивиденд төлеуге пайшылардың тізілімі тіркелетін күн – 2025 жылғы 31 мамыр. 2025 жылғы 31 мамырдағы сағат 23:59-дағы жағдай бойынша Қордың пайларына ие барлық инвестор дивиденд сомасын пайшылар көрсеткен деректемелер бойынша алады.
Дивиденд 2025 жылғы 31 мамырдағы жағдайдағы пай құны бойынша есептеледі.
Дивиденд алуға құқығы бар пайшылардың тізілімі тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде дивиденд төленеді.
Пайды өтеп сатып алу
«Разумный баланс» қорының Ережесіне өзгерістердің күшіне енуіне байланысты Басқарушы компания Қор пайшыларының заңды мүдделерін іске асыру мақсатында 2025 жылғы 05 маусым күні Қор пайшыларының пайларын сатып алу өткізілетінін хабарлайды.
Пай сатып алуға өтінімдер Басқарушы компанияның менеджерлері арқылы 2025 жылғы 05 мамырдан бастап 2025 жылғы 04 маусым күні (қоса алғанда) сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Дивиденд төлеу үшін сома аударылғаннан кейін пай құны төмендейтініне назарыңызды аударамыз, сәйкесінше дивиденд тіркелген күнге қарағанда пай сатып алудың есептік құны төмен болады.
Кез келген сұрақ бойынша amalykh@bcc-invest.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Инвестициялық пай қорларына инвестициялаған кездегі тәуекел туралы ақпарат
«BCC Invest» АҚ олар туралы ақпарат беретін инвестициялық пай қорларының пайларымен операцияларды жүргізбес бұрын осы ақпаратты алушылар аталған қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен, инвестициялық декларациямен және инвестициялық пай қорының ережесімен танысуы қажет. Паймен операция жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде, қаржы құралдарына инвестициялау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін, тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыс пен шығын тәуекелін көтеретінін ескерген жөн.
• Пай құны көтерілуі немесе түсуі мүмкін.
• Бұрынғы инвестициялау нәтижесі болашақтағы кірісті айқындамайды.
• Мемлекет инвестициялық қорларға салынған инвестициялардың кіріс әкелетініне кепілдік бермейді.
Қордың мемлекеттік тіркелген күні: 14.05.2007ж.
ISIN: KZPF00000231
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.