CHINACACHE INTERNATIONAL HOLDINGS LTD. компаниясының айырбасталатын бағалы қағаздарын конвертациялау (ISIN US16950M1071)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68e/49f/1eb/68e49f1eb6dd6916917100.png

06.10.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Clearstream Banking AG (Франкфурт) жіберген SWIFT хабарламасына сәйкес CHINACACHE INTERNATIONAL HOLDINGS LTD. эмитентінің айырбасталатын бағалы қағаздарын конвертациялау жөніндегі корпоративтік іс-шара туралы хабарлайды.

Корпоративтік іс-шара аясында компанияның америкалық депозитарлық қолхаттарын (ADR) жою және оларға тиесілі жай акцияларды алу көзделген. ADR иелері Cancellation Instruction және Instrument of Transfer құжаттарын ұсынуы тиіс, сондай-ақ Clearstream және Citibank Hong Kong мекенжайларына жолдау тәртібі сақталуы қажет.
Компанияның жай акцияларына арналған жергілікті нарық болмағандықтан, депозитарий бағалы қағаздарды сатуды және ақшалай төлемдерді жүзеге асырмайды. ADR иелері өз қолхаттарын сақтай алады, бірақ депозитарий тиісті алымдарды ұстап қалуға құқылы.

Операцияға қатысты сұрақтар бойынша өз депозитарийіңізге немесе кастодианыңызға жүгіну ұсынылады.