Credo Technology Group Holding Ltd жылдық жалпы акционерлер жиналысы (ISIN KYG254571055)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68a/efa/8fb/68aefa8fb951c166156823.png

26.08.2025

Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі АҚ Credo Technology Group Holding Ltd компаниясына қатысты «Жалпы акционерлердің жылдық жиналысы» корпоративтік әрекеті жөнінде Clearstream Banking AG, Frankfurt-тен SWIFT-хабарламасын алғанын хабарлайды, ISIN KYG254571055.

Жиналыс 2025 жылғы 13 қазанда, сағат 13:00-де өтеді (мекенжайы: Credo Semiconductor Inc., 110 Rio Robles, Сан-Хосе, Калифорния, онлайн қатысу мүмкіндігімен).
Күн тәртібі:

  • Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау: Уильям (Билл) Дж. Бреннан, Ят Тунг (Джоб) Лам, Чи Фунг (Лоуренс) Ченг;
  • Атқарушы басшылардың сыйақыларын бекіту бойынша консультативтік дауыс беру;
  • Ernst & Young LLP аудит компаниясын бекіту.