CYDSA S.A.B. de C.V. облигацияларын сатып алу туралы ұсыныс

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/685/3dc/3a3/6853dc3a30aa7473979301.png

23.04.2025

CYDSA S.A.B. de C.V. облигацияларын сатып алу туралы ұсыныс (ISIN USP3R26HAA81)

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Euroclear Bank SA/NV ұйымынан CYDSA S.A.B. de C.V. компаниясының облигацияларына (ISIN USP3R26HAA81, 6,25% купон, өтеу мерзімі — 2027 жылғы 4 қазан) қатысты "Сатып алу ұсынысы – оферта" туралы хабарлама алғанын хабарлайды.

Ұсыныс үш түрлі нұсқаны қамтиды:

  1. Ерте мерзімде сатып алу (001-нұсқа): 2025 жылғы 25 сәуірге дейін ұсынылған облигациялар үшін сыйақы жоғары болады.
  2. Кәдімгі сатып алу (002-нұсқа): 2025 жылғы 28 сәуір мен 12 мамыр аралығында ұсынылған облигациялар базалық шарттармен сатып алынады.
  3. Қатыспау (003-нұсқа): ешқандай әрекет жасалмайды.

Сатып алу өтінімдері пропорционалды түрде қанағаттандырылады. Қосымша заңды құжаттар қажет емес.

Қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз:
+7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343).