FedEx Corporation акциялары бойынша толық емес лоттарды сату/сатып алу (ISIN US31428X1063)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/691/c5b/c86/691c5bc862b22738516415.png

17.11.2025

Қазақстандық орталық депозитарий FedEx Corporation бағалы қағаздары бойынша толық емес лоттарды сату/сатып алу бағдарламасы (Odd-Lot Offer) туралы хабарлады. Ақпарат CLEARSTREAM BANKING AG және EUROCLEAR BANK SA/NV хабарламалары негізінде ұсынылған .

Бағдарламаға сәйкес 99 акция немесе одан аз көлемдегі инвесторлар акцияларын сата немесе қосымша акциялар сатып ала алады. Өтінімдер апта сайын өңделеді. Сату және сатып алу өтінімдері алдымен қатысушылар арасында сәйкестендіріледі, қалған көлем ашық нарықта орындалады. Нәтижесінде апта бойынша орташа баға анықталады.

Инструкциялар депозитарий форматтарына сәйкес ұсынылуы тиіс. Бағдарлама шарттарына сай комиссия ұсталады.