FUBOTV INC акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (ISIN US35953D1046)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/689/b0f/50c/689b0f50cd732263671654.png

11.08.2025

FUBOTV INC 2025 жылғы 30 қыркүйекте акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізетінін хабарлады. Жиналыс виртуалды форматта www.virtualshareholdermeeting.com/FUBO2025SM сілтемесі бойынша өтеді.
Дауыс беру нұсқауларын ұсыну мерзімі — 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейін.

Күн тәртібіне мыналар кіреді:

  1. Бірігу туралы шартты бекіту.
  2. Компания активтерін сатуды мақұлдау.
  3. Тіркеу юрисдикциясын Флоридадан Делавэрге өзгерту.
  4. Сатып алу шеңберінде акциялар шығару.
  5. Жиналысты кейінге қалдыру.
  6. «Алтын парашюттер» бойынша кеңесші дауыс беру.

Дауыс беру нұсқалары: «Қолдаймын», «Қарсымын», «Бас тартамын», «Әрекет жоқ». Ішінара және бөлінген дауыс беруге рұқсат етіледі.