GENPREX, INC. акцияларын консолидациялау

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68f/9cd/9c7/68f9cd9c77151012319414.png

21.10.2025

ISIN: US3724462037

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ GENPREX, INC. эмитенті бойынша корпоративтік іс-шара — акцияларды консолидациялау (Reverse Stock Split) туралы хабарлайды.

CLEARSTREAM BANKING AG (Франкфурт) хабарламасына сәйкес, корпоративтік іс-шара міндетті сипатқа ие (Mandatory) және қайта ұйымдастыру түрінде жүргізіледі (Reorganisation event type).

Корпоративтік іс-шараның күшіне ену күні — 2025 жылғы 21 қазан, есеп айырысу күні — 2025 жылғы 22 қазан.
Консолидация коэффициенті — әр 50 ескі акцияға 1 жаңа акция (1:50).

Инвесторларға консолидация аяқталғаннан кейін иелігіндегі бағалы қағаздардың санының өзгеруін ескеруді ұсынамыз.

Сұрақтар бойынша байланыс телефондары:
☎ +7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343).