GLOBALTRANS INVESTMENT PLC конверттелетін бағалы қағаздарды айырбастау (ISIN US37949E2046)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68c/3f3/f26/68c3f3f26e315315412965.png

11.09.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ CLEARSTREAM BANKING AG, FRANKFURT ұйымынан GLOBALTRANS INVESTMENT PLC эмитентінің «Конверттелетін бағалы қағаздарды айырбастау» корпоративтік іс-шарасы туралы хабарламаны алғанын мәлімдейді.
Инвесторлар акция сертификаттарын рәсімдеу үшін тіркеу деректерін: аты-жөні, мекенжайы, байланыс мәліметтері және жеке куәлік/паспорт деректерін ұсынуы қажет. Сонымен қатар, нұсқауда «CERTIFICATION OK» растауын көрсету талап етіледі.
Сертификаттарды жеткізу мерзімі агенттің сәйкестік тексерістеріне байланысты 2–4 апта болуы мүмкін. Толық ақпарат ақпараттық агенттің сайтында орналастырылған.