HOME CREDIT + FINAN 8.8 OFAC RESTR облигациялары бойынша позициялардың мәртебесін растау (XS2075963293)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a4/645/c40/6a4645c40981c035971119.png

02.07.2026

HOME CREDIT + FINAN 8.8 OFAC RESTR облигациялары бойынша корпоративтік оқиға туралы хабарлаймыз.

Оқиға түрі: позициялардың мәртебесін растау.
ISIN: XS2075963293.
Инвестор әрекеті: позиция клиринг жүйесінен тыс өтелген, сатып алынған немесе айырбасталған жағдайда ғана талап етіледі.
Нұсқаулық беру мерзімі: 2026 жылғы 29 қазан, New York уақыты бойынша 08:00.
Нұсқаулық үшін ең төменгі саны: 1 000.
Нұсқаулық краттылығы: 1 000.

Оқиға шеңберінде ұстаушылар облигациялар бойынша позициялары еурооблигацияларды алмастыру рәсімі аясында клиринг жүйесінен тыс өтелгенін, сатып алынғанын немесе айырбасталғанын растауы тиіс.

Опция 001: позицияның өтелгенін, сатып алынғанын немесе айырбасталғанын растау.
Осы опция таңдалған жағдайда тиісті позиция бұғатталады.

Опция 002: әрекет жасамау.
Бұл опция әдепкі бойынша қолданылады. Егер позиция өтелмесе, сатып алынбаса немесе айырбасталмаса, нұсқаулық беру талап етілмейді.

Маңызды ескерту: клиент оң нұсқаулық жіберген жағдайда, ол тиісті позицияның еурооблигацияларды алмастыру рәсімі шеңберінде өтелгенін, сатып алынғанын немесе айырбасталғанын растайды. Мұндай позициялар бойынша ақпарат клиенттің деректері негізінде беріледі және депозитарлық инфрақұрылым тарапынан тексерілмейді.