Invesco QQQ Trust Series I ETF акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (ISIN US46090E1038)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68a/c34/04d/68ac3404d31eb721800065.png

22.08.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Clearstream Banking AG, Frankfurt ұйымынан Invesco QQQ Trust Series I ETF (ISIN US46090E1038) эмитентінің «Кезектен тыс жалпы жиналысы» корпоративтік іс-әрекетіне қатысты SWIFT хабарламасын алғанын хабарлайды.

Жиналыс 2025 жылғы 24 қазанда АҚШ, 3500 Lacey Road, Suite 700, Downers Grove, Illinois 60515 мекенжайында өтеді.

Күн тәртібі:

  • Ашық инвестициялық қор болып қайта құруды бекіту;
  • Директорларды сайлау (Ronn R. Bagge, Todd J. Barre, Brian Hartigan, Victoria J. Herget, Marc M. Kole, Yung Bong Lim, Joanne Pace, Gary R. Wicker, Donald H. Wilson);
  • Invesco QQQ Trust Series I мен Invesco Capital Management LLC арасындағы инвестициялық кеңес беру шартына қол қоюды бекіту.

Дауыс беру «Қолдаймын», «Қарсымын», «Қалыс қаламын» немесе «Әрекетсіз» нұсқаларында жүргізіледі. Ішінара және бөлек дауыс беруге рұқсат етіледі.

Сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343).