KZ

27.07.2026
Құрметті клиенттер,
Сіздерге 2026 жылғы 29 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасы – KASE-де «ЦентрКредит – Валютный» ИИПҚ пайларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз. Барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін 2026 жылғы 4 тамыздан бастап сауда-саттық қайта басталады.
Сауда-саттықты тоқтата тұру қор пайының номиналды құнының өзгерісін биржаның жүйелерінде көрсету үшін қажет.
Бұған дейін біз өзгерістер:
Өзгерістермен бұрын жарияланған «ЦентрКредит – Валютный» ИИПҚ Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» туралы жаңалықтан толығырақ танысуға болады.
Барлық сұрақ бойынша funds@bcc-invest.kz электрондық поштасы бойынша хабарласа аласыздар.
Инвестициялық пай қорларына инвестиция салған кездегі тәуекелдер туралы ақпарат
«BCC Invest» АҚ олар туралы ақпаратты ұсынатын инвестициялық пай қорларының пайымен операция жүргізбес бұрын осы ақпаратты алушылар осы қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен, инвестициялық пай қорының ережесімен және инвестициялық декларациясымен танысуға тиіс. Паймен операция жүргізу туралы шешім қабылдай отырып, қаржы құралдарына инвестиция жасау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін, тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыс пен шығын тәуекелін көтеретінін ескерген жөн.
- Пай құны көтерілуі немесе түсуі мүмкін.
- Бұрынғы инвестициялау нәтижесі болашақта түсетін кірісті айқындамайды.
- Мемлекет инвестициялық қорларға салынған инвестицияның кіріс әкелетініне кепілдік бермейді.
Қордың мемлекеттік тіркелген күні: 23.05.2017 ж.
ISIN: KZPF00000058
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берген 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензиясы.