Kazatomprom GDR бойынша корпоративтік оқиға

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/685/39f/93c/68539f93c0f7e847334325.png

11.03.2025

"Қазақстандық Орталық депозитарий" АҚ EUROCLEAR BANK SA/NV ұсынған SWIFT-хабарлама негізінде "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы GDR қағаздары бойынша «Басқа» (Other) типіндегі міндетті корпоративтік оқиға туралы хабарлайды.

Оқиғаның мазмұны:
CITIBANK N.A. (депозитарий ретінде) GDR иелерінен белгілі бір алымдарды өндіріп алуға құқылы. Бұл алымдар ай сайын 15-күнінде (немесе келесі жұмыс күнінде) есептеледі және 2025 жылғы 22 мамыр күнінен бастап шоттардан ұсталады.

Толық шот-фактура мен операциялар бойынша мәліметтер:

  • Қатысушы тараптарға жіберіледі
  • EasyWay платформасында "Reports Service" бөлімінде қолжетімді болады

Қосымша ақпаратты myeuroclear.com сайтындағы ‘Q and A Fees on DRS’ құжатынан көруге болады (My Apps → Corporate Actions бөлімінде).

Егер сұрақтар туындаса, Орталық депозитарийдің келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі: 335, 494, 342, 343)