«ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясы туралы ақпаратты ашу (ISIN RU0009024277)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68e/cd1/b8c/68ecd1b8cae6a711649533.png

10.10.2025

«BCC Invest» АҚ инвесторларды EUROCLEAR BANK SA/NV депозитарлық жүйесінен «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ арқылы алынған хабарламаға сәйкес «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясына (ISIN RU0009024277) қатысты корпоративтік іс-шара туралы хабардар етеді.

Аталған корпоративтік іс-шара «Ақпаратты ашу» (Disclosure) түрінде жүзеге асырылады және Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес, жария акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты ашуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Операция тек ақпараттық сипатта болып табылады және бағалы қағаз иелерінен ешқандай әрекет талап етілмейді.

EUROCLEAR BANK SA/NV хабарламасында қосымша заңды құжаттарды ресімдеу қажет еместігі көрсетілген.
Сонымен қатар, Орталық депозитарий есепке алу ұйымының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес депозитарий шығындарын өтеу үшін нұсқау құнының қайта есептелетінін хабарлады.

Барлық ақпарат депозитарлық жүйенің түпнұсқа SWIFT-хабарламасы негізінде ұсынылған.

📞 Сұрақтар туындаған жағдайда «BCC Invest» АҚ-ына келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
+7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343).