«ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының ақпаратты ашу рәсімі (ISIN RU0009024277)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68e/782/524/68e782524962c568660394.png

08.10.2025

Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі Euroclear Bank SA/NV хабарламасына сәйкес «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясы АҚ бойынша ақпаратты ашу рәсімі жүргізілетінін хабарлайды.

Ұлттық есеп айырысу депозитарийінің (НРД) өтініші негізінде эмитент бағалы қағаздардың түпкі иелерін анықтау және Ресей Федерациясының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» №39-ФЗ заңына сәйкес ақпаратты ұсынуды талап етеді.

Бұл корпоративтік әрекет міндетті болып табылады және бағалы қағаз иелерінен бенефициарлық иелер туралы мәліметтерді Euroclear Bank белгілеген мерзімге дейін ұсынуды талап етеді.

Негізгі талаптар:

  • TRC (салықтық сертификат) жоқ иелер оны ұсынуы тиіс.
  • Омнибустық шоттар үшін қажет:
    1. TRC сертификаты;
    2. Корпоративтік әрекет бойынша электронды нұсқау;
    3. Бенефициарлық иелер тізімі (арнайы үлгі бойынша).
  • Құжаттар мен үлгілер my.euroclear.com сайтында Corporate Actions бөлімінде №2043499 нөмірімен қолжетімді.
  • Дайын формаларды equities.russian.disclosure@euroclear.com поштасына жіберу қажет.
  • Қосымша сұрақтар үшін corporateactions.clientservice@euroclear.com мекенжайына немесе +32 2326 4245 телефонына хабарласуға болады.

Euroclear Bank талап етілген құжаттар болмаған жағдайда шот иелерінің аты-жөні мен шот деректері ашылуы мүмкін екенін ескертеді.
Барлық қатысушылар санкциялық талаптарға (ЕО, Ұлыбритания, АҚШ және OFAC ережелері) сәйкестігін растауы қажет.