«ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының ақпаратты ашу рәсімі (ISIN RU0009024277)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68e/8ce/0c9/68e8ce0c90e89758931027.png

09.10.2025

Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі Euroclear Bank SA/NV хабарламасына сәйкес «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясы АҚ бойынша ақпаратты ашу рәсімі жүргізілетінін хабарлайды.

Бұл корпоративтік әрекет міндетті сипатта және Ресей Федерациясының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» №39-ФЗ заңының 8.6-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Эмитент бағалы қағаздардың түпкі иелері туралы ақпаратты ұсынуды талап етеді.

Негізгі шарттар:

  • Корпоративтік әрекет түрі: ақпаратты ашу (Disclosure).
  • Есепке алу күні: 2025 жылғы 30 қыркүйек.
  • Іс-шара кезеңі: 2025 жылғы 7–16 қазан аралығы.
  • Ақпарат түпкі иелер деңгейінде ашылады.
  • Қосымша құжаттаманы ұсыну талап етілмейді.

Euroclear Bank SA/NV хабарлауынша, бұл рәсім Ресей Федерациясының заңнамалық талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады.

Депозитарий нұсқауларды өңдеу құны есепке алу ұйымының тарифтері бойынша Орталық депозитарийдің шығындарын өтеу ретінде қайта виставленеді.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343).