Netflix Inc акцияларының сплиті (US64110L1061)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/690/9fc/d8d/6909fcd8d040b907851239.png

03.11.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ халықаралық депозитарийлер The Bank of New York Mellon (BNY Mellon), Clearstream Banking AG және Euroclear Bank SA/NV-ден Netflix Inc акцияларын сплиттеу туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.

Хабарламаға сәйкес:

  • Есепке алу күні (Record Date) – 2025 жылғы 10 қараша;
  • Төлем күні (Payment Date) – 2025 жылғы 14 қараша;
  • Орындау күні (Due Bill Date) – 2025 жылғы 17 қараша.

Нәтижесінде әрбір қолданыстағы акция тоғыз (9) акцияға бөлінеді. Бұл корпоративтік іс-шара барлық акционерлер үшін міндетті болып табылады. Жаңа акциялар халықаралық депозитарийлердегі рәсім аяқталған соң клиенттердің шоттарына есептеледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда, хабарламада көрсетілген телефондар арқылы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ға хабарласуға болады.