NOSTRUM OIL + GAS FINAN 5.5 3 DFLT облигациялары бойынша корпоративтік әрекетті жаңарту (ISIN USN64884AF16)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6ab/60c/8d2/6ab60c8d23642340941817.png

25.09.2026

NOSTRUM OIL + GAS FINAN 5.5 3 DFLT (ISIN USN64884AF16) облигацияларына қатысты облигация ұстаушылардың келісімін сұратуға және эмитент ұсынған қарарлар бойынша дауыс беруге байланысты корпоративтік әрекеттің жаңартылғаны туралы хабарлаймыз.

Тіркеу күні: 2026 жылғы 10 шілде.
Облигация ұстаушылар жиналысының күні: 2026 жылғы 20 шілде, шамамен британдық жазғы уақытпен (BST) 09:00.
Жиналыс өтетін орын: Akin Gump LLP, Eighth Floor, Ten Bishops Square, London E1 6EG, United Kingdom.

Бастапқы жиналыстың кворумы облигациялардың жиынтық номиналдық құнының кемінде 75%-ын білдіретін немесе иеленетін кемінде бір ұстаушыны құрады. Кворум болмаған жағдайда кейінге қалдырылған жиналыс үшін кемінде 50% талап етілді.

Төтенше қарарды қабылдау үшін тиісті жиналыста берілген дауыстардың кемінде 75%-ы «жақтап» берілуі тиіс болды.

Облигация ұстаушыларға келесі опциялар ұсынылды:

A опциясы — ерте дедлайнға дейін «жақтап» дауыс беру және әрбір 1 000 АҚШ доллары номиналға 5 АҚШ доллары мөлшерінде Early Consent Fee алу.

B опциясы — ерте дедлайннан кейін, бірақ соңғы мерзімге дейін «жақтап» дауыс беру және әрбір 1 000 АҚШ доллары номиналға 2,50 АҚШ доллары мөлшерінде Late Consent Fee алу.

C опциясы — «қарсы» дауыс беру.

D опциясы — дауыс беруден қалыс қалу.

E опциясы — жиналысқа қатысу. Қатысу үшін қатысушының аты-жөні, байланыс деректері және паспорт/жеке куәлік нөмірі ұсынылуы тиіс болды.

006 опциясы — TAKE NO ACTION — ешқандай әрекет жасамау. Бұл әдепкі опция болды.

Нұсқаулық берудің ең төменгі көлемі 1 000 АҚШ доллары номинал, қатысу қадамы 1 000 АҚШ доллары номинал болды.

Депозитарийдің 2026 жылғы 22 шілдедегі жаңартуына сәйкес, облигация ұстаушылардың қажетті келісімі алынды (Consent has been reached).

2026 жылғы 23 қыркүйектегі жаңартуға сәйкес корпоративтік әрекетке валюталау күні қосылды. Сонымен қатар тиісті Dutch Auction шеңберінде сатып алуға ұсынылған облигациялар Consent Fee алуға құқылы емес.

Корпоративтік әрекет аяқталды.

Инвестордың әрекеттері: нұсқаулық беру және дауыс беру мерзімдері аяқталған. Қазіргі уақытта инвестор тарапынан қосымша әрекеттер талап етілмейді.