NOSTRUM OIL + GAS FINAN 5.5 3 DFLT облигацияларын сатып алу (ISIN USN64884AF16)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a7/c4c/a3d/6a7c4ca3d5531896673894.png

12.08.2026

NOSTRUM OIL + GAS FINAN 5.5 3 DFLT облигацияларын кері голландиялық аукцион тетігі бойынша бағаны айқындай отырып, бәсекелес ұсыныс шеңберінде ерікті түрде сатып алу жөніндегі корпоративтік әрекет туралы хабарлаймыз.

Нұсқаулықты ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 20 тамыз, сағат 15:00.
Нарықтағы ұсыныстың аяқталу күні: 2026 жылғы 21 тамыз.
Қатысу үшін ең төменгі саны: 1 000 облигация.
Нұсқаулық беру еселігі: 1 000 облигация.
Ұсыныс бағасының диапазоны: 400-ден 650 АҚШ долларына дейін.

Қолжетімді опциялар:
001 опция — CASH — егер инвестор бұған дейін келісім беру рәсіміне қатысқан болса, бәсекелес ұсынысқа қатысу.
002 опция — CASH — егер инвестор келісім беру рәсіміне қатыспаған болса, бәсекелес ұсынысқа қатысу. Бұл опцияны таңдаған кезде ұсынылатын бағаны көрсету қажет.
003 опция — NO ACTION — ұсынысқа қатыспау.

Корпоративтік әрекет ерікті болып табылады. Сатып алуға қатысу үшін инвестор тиісті нұсқаулық ұсынуы қажет. Нұсқаулық берілмеген жағдайда «Қатыспау» опциясы қолданылады.