NVIDIA CORPORATION акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (ISIN US67066G1040)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a0/eb6/ee0/6a0eb6ee0f644297579806.png

20.05.2026

NVIDIA CORPORATION акционерлердің жылдық жалпы жиналысын онлайн форматта өткізетіні туралы хабарлайды.

Жиналыс күні: 2026 жылғы 24 маусым, сағат 09:00.

Тіркеу күні: 2026 жылғы 27 сәуір.

Нұсқаулықтарды ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 16 маусым, UTC 18:00.

Жиналыс келесі онлайн-платформа арқылы өткізіледі:

www.virtualshareholdermeeting.com/NVDA2026

Жиналыстың күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілген:

• директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау;

• атқарушы басшылықтың сыйақысын бекіту;

• PricewaterhouseCoopers LLP аудиторының өкілеттігін бекіту;

• жай көпшілік қағидатын бекіту;

• DEI саясаттары мен employee resource groups бағдарламаларына байланысты тәуекелдер жөніндегі есептерді қарау;

• сатылған өнімдерді пайдалану нәтижесіндегі шығарындылар туралы есепті қарау.

Инвесторларға келесі қатысу нұсқалары ұсынылады:

• «Қолдаймын»;

• «Қарсымын»;

• «Қалыс қаламын»;

• өкілді тағайындау (proxy);

• ешқандай әрекет жасамау.

Инвестордың әрекеттері:

Дауыс беруге қатысу үшін инвестор белгіленген мерзімге дейін нұсқаулық ұсынуы қажет. Нұсқаулық ұсынылмаған жағдайда дауыс есепке алынбайды.

Дауыс беру кезеңінде бағалы қағаздарды бұғаттау қарастырылмаған.

Ішінара және бөлек дауыс беруге рұқсат етіледі.