KASE индексі ETF бойынша сауда-саттықтың бірінші күнінің қорытындысы туралы

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/69d/c71/d5a/69dc71d5a2053475446951.png

13.04.2026

10 сәуір күні KASE-де KASE-нің өкілдік тізіміндегі 10 акциядан тұратын индекстік қоры – «KASE индексі» ETF пайларымен (тикері: KASXf) сауда-саттық басталды.


Бұл – Қазақстан Республикасындағы қор нарығын дамытудағы тарихи қадам, ол нарықтың өтімділігін арттыруға және еліміздің қор нарығындағы ең тартымды активтерге инвесторлардың қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталған.


Осы құрал бойынша сауда-саттық нарықтың үлкен қызығушылығын оятып, KASE-де бұрыннан листингте тұрған кейбір акциялар бойынша сауда-саттық көлемінен асып түсті.


Сауда-саттық өткен алғашқы күні нарықтағы жоғары қызығушылық байланысты осы құралдың әділ нарықтық бағасын қалыптастыруда қиындықтар орын алды.


Нарықтың кейбір қатысушылары инвесторлар қауымдастығы арасында қағазға деген дүрбелең сұранысты пайдаланып, құралды 1,3-1,5 теңге көлемінде жоғары бағамен сата бастады, сәйкесінше нарықтың басқа қатысушылары құралды сауда-саттық күні оның әділ құнынан едәуір жоғары бағамен сатып алды.


Құрал бойынша баға белгілеу «KASE индексі» ИИПҚ пайының есептік құнына байланысты, ал ол өз кезегінде Биржаның индексіне кіретін құралдардың құнынан қалыптасады. 10 сәуірдің қорытындысы бойынша индекстің өзі 0,02%-ға өсті.


Алдағы уақытта осы құралға баға динамикасының әділдігін түсіну үшін KASE индексінің мәнін негізге алған жөн, өйткені пай бағасы индекстің мәнімен өзара байланыста болады.


Заңнамаға сәйкес «KASE индексі» ETF құралының әділ құны (өткен күннің қорытындысы бойынша пайдың есептік құны) күн сайын компания сайтында «Пай құны» бөлімінде жарияланады және бұл көрсеткіш аталған құралдың әділ құны бойынша объективті бағдар болып табылады.


Осы құралдың әділ құнын көрсетпейтін бағаның шамадан тыс құбылмалы болу қаупін азайту мақсатында жақын арада маркетмейкер сауда-саттыққа қатысуға кіріседі, оның рөлін біздің компания атқарады. Бұл сауда барысында бағалы қағаз бойынша сұраныс пен ұсынысты теңестіруге және бағаның ықтимал ауытқуларын жұмсартуға ықпал етеді.


Егер сіз 10 сәуір күні пайды әділ бағасынан жоғары бағамен сатып алсаңыз, біз осы құрал бойынша және қауіптерді азайту бойынша сізге жеке кеңестер беруге дайынбыз. info@bcc-invest.kz мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз. Біз сізге қуана-қуана жеке кеңестер береміз.


Нарықтағы жаңа құралдармен сауда-саттықтың алғашқы күндері, әдетте, жоғары құбылмалылықпен және алыпсатарлық сұраныспен қатар жүретінін есіңізге саламыз. Сондықтан активтерді сатып алған/сатқан кезде барынша сақ болуды, бағаларды мұқият қадағалауды және инвестициялық шешімді аса жауапкершілікпен қабылдауды сұраймыз.


Құрметпен, BCC Invest