Occidental Petroleum Corporation варрантын орындау (ISIN US6745991058)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68e/618/b3c/68e618b3ca441734096856.png

07.10.2025

«Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» АҚ Occidental Petroleum Corporation (ISIN US6745991058) бағалы қағаздары бойынша «Варрантты орындау» корпоративтік іс-шарасының орындалуы туралы хабарлады. Ақпарат CLEARSTREAM BANKING AG, Франкфурт арқылы алынған.

Хабарламаға сәйкес, варрант иелеріне эмитенттің акцияларын нақты жеткізу арқылы орындау мүмкіндігі беріледі. Орындау бағасы уақытша төмендетілген — бір варрант үшін 21,30 АҚШ доллары.

Төмендетілген баға бойынша орындау ұсынысы 2025 жылғы 31 наурызда аяқталады. Нарық қатысушыларына орындау шарттарымен мұқият танысып, өз шоттарында жеткілікті қаражат болуын қамтамасыз ету ұсынылады.

Қосымша ақпарат Clearstream Banking AG жіберген SWIFT-хабарламасында көрсетілген.