Oracle Corporation акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (ISIN US68389X1054)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68d/cf1/584/68dcf15846c17209206841.png

30.09.2025

Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі Clearstream Banking AG, Frankfurt хабарламасы негізінде Oracle Corporation акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізілетіні жөнінде мәлімдейді.

Жиналыс 2025 жылғы 18 қараша күні, АҚШ уақытымен сағат 09:00-де толықтай виртуалды форматта өткізіледі: www.virtualshareholdermeeting.com/ORCL2025.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілген:

  • Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау (13 кандидат, соның ішінде Safra A. Catz, Lawrence J. Ellison және басқалар);
  • Атқарушы директорлардың сыйақысын бекіту жөніндегі кеңесші дауыс беру;
  • Ernst & Young LLP аудит компаниясын бекіту.

Нұсқауларды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 7 қараша, сағат 19:00-ге дейін. Бөлінген және ішінара дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.