QazaqGaz облигацияларын сатып алу бойынша оферта (ISIN XS1682544157)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a0/c06/33e/6a0c0633ef1fc496125305.png

18.05.2026

«BCC Invest» АҚ «QazaqGaz» ҰК АҚ облигациялары (ISIN XS1682544157) бойынша сатып алу ұсынысы және облигация ұстаушылардың келісімін алу түріндегі корпоративтік іс әрекет туралы хабарлайды.

Инвесторларға облигацияларды сатып алуға қатысуға, оферта шарттарына келісім беруге, дауыс беруге немесе корпоративтік іс әрекетке қатыспауға мүмкіндік беріледі.

Инвесторлар үшін келесі қатысу нұсқалары қарастырылған:

• Option 001 — ерте қатысу мерзіміне дейін облигацияларды сатуға және келісім беруге қатысу, толық өтемақы және жинақталған купондық сыйақы алу;
• Option 002 — ерте қатысу мерзіміне дейін келісім беру және келісім үшін комиссия алу;
• Option 003 — ерте қатысу мерзімінен кейін, бірақ дауыс беру аяқталғанға дейін сатып алуға және келісім беруге қатысу;
• Option 004 — тек облигацияларды сатып алуға қатысу;
• Option 005 — сатып алуға қатыспай келісім беру;
• Option 006 — қарсы дауыс беру;
• Option 007 — қалыс қалу;
• Option 008 — өкіл арқылы қатысу / сенім білдірілген тұлғаны тағайындау;
• Option 009 — ешқандай әрекет жасамау.

Ерте қатысу мерзімі: 2026 жылғы 11 мамырға дейін.
Нұсқауларды ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 26 мамырға дейін.
Ақша қаражатын төлеу күні: таңдалған нұсқаға байланысты 2026 жылғы 20 мамыр немесе 28 мамыр.

Инвестордың әрекеттері:
Инвестор белгіленген мерзімде таңдалған қатысу нұсқасы бойынша нұсқаулық ұсынуы қажет. Нұсқаулық ұсынылмаған жағдайда «ешқандай әрекет жасамау» опциясы қолданылатын болады. Белгіленген мерзімнен кейін берілген нұсқаулар қабылданбауы мүмкін.