KZ

13.05.2026
«BCC Invest» АҚ «QazaqGaz» ҰК» АҚ облигациялары (ISIN XS1682544157) бойынша сатып алу ұсынысы түріндегі корпоративтік оқиға туралы хабарлайды. Корпоративтік әрекет инвесторларға облигацияларды сатып өткізуге, ұсыныс шарттарына келісім беруге немесе қатысудан бас тартуға мүмкіндік береді.
Инвесторларға келесі опциялар ұсынылады:
• Option 001 (CTEN) — ерте қатысу мерзіміне дейін облигацияларды сатып өткізу және келісім беру, ерте қатысу сыйақысын және жинақталған купондық табысты алу;
• Option 002 (CONY) — ерте қатысу мерзіміне дейін келісім беру және келісім үшін комиссия алу;
• Option 003 (CTEN) — ерте қатысу мерзімінен кейін, бірақ дауыс беру мерзіміне дейін облигацияларды сатып өткізу және келісім беру;
• Option 004 (CASH) — облигацияларды тек сатып өткізу;
• Option 005 (CONY) — ұсыныс шарттарына келісім беру;
• Option 006 (CONN) — келісім бермеу;
• Option 007 (ABST) — дауыс беруден қалыс қалу;
• Option 008 (PROX) — сенімхат арқылы қатысу;
• Option 009 (NOAC) — ешқандай әрекет жасамау.
Негізгі мерзімдер:
• ерте қатысу мерзімі — 2026 жылғы 11 мамырға дейін;
• кейінгі қатысу мерзімі — 2026 жылғы 15 мамырға дейін;
• нұсқаулықтарды ұсынудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 26 мамыр.
Инвестордың әрекеттері:
Инвестор белгіленген мерзімде қажетті опцияны таңдап, нұсқаулық ұсынуы тиіс. Нұсқаулық берілмеген жағдайда NO ACTION опциясы қолданылуы мүмкін. Қатысу барысында облигациялар уақытша бұғатталуы мүмкін.