«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ облигацияларын сатып алу бойынша оферта (ISIN XS1682544157)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/69f/daa/196/69fdaa196ae14426245134.png

06.05.2026

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ 2027 жылғы 26 қыркүйекте өтелетін JSC KAZTRANSGAS 4.375% облигацияларын сатып алу бойынша оферта жариялайды.

Инвесторларға оферта шарттарына сәйкес облигацияларды сатып алу рәсіміне қатысу ұсынылады. Қатысудың келесі нұсқалары қолжетімді:

  1. Облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алуға ұсыну, оферта шарттарына келісім беру және сыйақы мен есептелген купондық табысты қоса алғанда толық өтемақы алу.
    Нұсқау беру мерзімі: 2026 жылғы 11 мамырға дейін.
  2. Облигацияларды сатып алуға ұсынбай, оферта шарттарына келісім беру және келісім үшін комиссия алу.
    Нұсқау беру мерзімі: 2026 жылғы 11 мамырға дейін.
  3. Ерте қатысу мерзімінен кейін облигацияларды сатып алуға ұсыну және оферта сомасы мен есептелген табысты алу.
    Нұсқау беру мерзімі: 2026 жылғы 15 мамырға дейін.
  4. Оферта шарттарына келісім берместен облигацияларды сатып алуға ұсыну.
    Нұсқау беру мерзімі: 2026 жылғы 26 мамырға дейін.
  5. Ешқандай әрекет жасамау.

Ақшалай қаражатты төлеу күні: 2026 жылғы 20 мамыр.
Қатысудың ең төменгі көлемі: 200 000 USD.