«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЖДҚ бойынша депозитарлық комиссияны ұстау (ISIN US46627J3023)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6ab/b61/295/6abb61295265a293841543.png

28.09.2026

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаһандық депозитарлық қолхаттарына (ЖДҚ), ISIN US46627J3023 қатысты корпоративтік іс-әрекет туралы хабарлаймыз. Бір ЖДҚ Банктің 40 жай акциясын білдіреді.

Тіркеу күні (Record Date): 2026 жылғы 6 қараша.

Депозитарлық бағдарламаның талаптарына сәйкес, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЖДҚ депозитарийі болып табылатын The Bank of New York ЖДҚ ұстаушыларынан тиісті комиссияларды алуға құқылы.

Комиссия мөлшері: 2026 жылғы 6 қарашадағы тіркеу күніне ұстаушының иелігіндегі әрбір ЖДҚ үшін 0,02 АҚШ доллары

Корпоративтік іс-әрекет міндетті болып табылады.

Инвестордың әрекеттері: инвестор тарапынан қосымша әрекеттер талап етілмейді. Комиссия депозитарлық бағдарламаның талаптарына сәйкес ұсталады.