:«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ – акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (ISIN US63253R2013)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68d/661/f09/68d661f0909be050857007.png

25.09.2025

«Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-тың жаһандық депозитарлық қолхаттарына (ISIN US63253R2013) қатысты Кезектен тыс жалпы жиналыс корпоративтік іс-шарасы туралы хабарлайды.

Негізгі шарттар:

  • Жиналыс күні: 2025 жылғы 20 қазан (Қазақстан, пошта бюллетені арқылы)
  • Тізілімді бекіту күні: 2025 жылғы 18 қыркүйек
  • Нұсқаулықтар: тек MX форматы немесе XACT GUI жүйесі арқылы қабылданады (MT форматы қабылданбайды).
  • Дауыс беру нұсқалары:
    • Қолдаймын (Vote in Favor)
    • Қарсымын (Vote Against)
    • Бас тартамын (Abstain)
    • Өкіл тағайындау (Assign a Proxy)
    • Әрекетсіз (No Action)
  • Ішінара және бөлек дауыс беруге рұқсат етіледі.
  • Бенефициар иелері туралы ақпаратты ашу талап етіледі.

Күн тәртібі:

  1. CNNC Overseas Limited компаниясымен 2023 жылғы 26 маусымдағы уран концентратын жеткізуге қатысты шартқа қосымша келісім бойынша ірі мәмілені мақұлдау.
  2. 2024 жылғы 15 қарашадағы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының №3 хаттамасымен қабылданған шешімге өзгерістер енгізу – CNNC Overseas Limited және China National Uranium Corporation Limited компанияларымен уран концентратын сату-сатып алу туралы ірі мәмілені мақұлдау.

Маңызды: депозитарлық қолхат иелерінің жиналысқа жеке қатысуына рұқсат етілмейді, дауыс беру депозитарий арқылы жүргізіледі.

Сұрақтар бойынша клиенттерді қолдау қызметіне хабарласуға болады.