«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — Облигацияларды сатып алу жөніндегі оферта (ISIN XS1595714087, XS1807299331)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/693/153/8cd/6931538cd85df304066039.png

03.12.2025

«BCC Invest» Clearstream және Euroclear хабарламалары негізінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ облигацияларын ақшалай өтеу арқылы ерікті сатып алу офертасы туралы хабарлайды.

Эмитент облигация ұстаушыларына қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға ұсыну мүмкіндігін береді. Оферта ерте кезеңнен (Early Tender) және жалпы кезеңнен (Tender) тұрады. Ерте кезеңде берілген нұсқаулар басымдықпен қаралады.

Нұсқауларды жіберу мерзімдері

  • Ерте дедлайн (Early Tender):
    2025 ж. 5 желтоқсан — депозитарий нұсқауларды қабылдайтын соңғы күн.
  • Жалпы дедлайн (Tender Deadline):
    2025 ж. 19 желтоқсан — офертаға қатысудың соңғы күні.

Қатысу нұсқалары

  • Офертаға қатысу — облигацияларды сатып алуға ұсыну;
  • Қатыспау — әдепкі нұсқа (No Action).

Клиенттің әрекеттері

Қатысу үшін нұсқауларды ішкі мерзімдерді ескере отырып алдын ала жіберу қажет. Шешім болмаған жағдайда No Action қолданылады.