Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің еврооблигациялары бойынша келісім сұрату

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/685/10a/dc3/68510adc3432a185411200.png

11.02.2025

Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің еврооблигациялары бойынша келісім сұрату туралы хабарлама (ISIN XS0114288789)

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі Euroclear Bank SA/NV тарапынан Ресей Президентінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 677 жарлығы негізінде берілген бір реттік сертификаттау (one-time certification) туралы сұраныс алғанын хабарлайды.

Бұл жарлық достас елдердің инвесторларына еурооблигацияларды рубльдік баламаға ауыстыруға мүмкіндік береді.

📅 Негізгі мерзімдер:

  • Басталу күні: 2025 жылғы 11 ақпан
  • Жауап беру мерзімі: 2025 жылғы 21 наурыз, сағат 17:00 (CET)
  • Тіркеу күні: 2024 жылғы 15 қазан
  • Міндеттілік: Иә. “NOAC” опциясы техникалық себеппен ғана бар.

📌 Қатысу нұсқалары:

  1. Қатысушы активті ауыстырды
    001 (CONY) опциясын таңдау
    → актив бұғатталады, кейінірек байланысқа шығады
  2. Қатысушы активті ауыстырған жоқ
    002 (CONN) опциясын таңдау
  3. Әрекетсіз қалу
    003 (NOAC), бірақ ұсынылмайды

📄 Қосымша талаптар:

  • Құқықтық құжат қажет емес
  • Нұсқауда байланыс тұлғасының аты-жөні және телефоны көрсетілуі тиіс (INX CONTACT DETAILS)
  • Инструкцияны өзгертуге болмайды. Қайта жіберу үшін алдымен күшін жою қажет

📞 Байланыс телефондары:
+7 727 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343)