REWALK ROBOTICS LTD (LIFEWARD LTD) — Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (ISIN IL0011331076)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/693/01a/c9b/69301ac9bad80022554422.png

02.12.2025

«BCC Invest» АҚ компания ReWalk Robotics Ltd (LifeWaard Ltd) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы туралы хабарлама алғанын мәлімдейді.

Жиналыс күні: 2026 жылғы 6 қаңтар, 10:00
Өтетін орны: 200 Donald Lynch Blvd., Marlborough, MA 01752, АҚШ
Дауыс беру нұсқауларын тапсырудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 26 желтоқсан, 19:00

Инвесторлар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру нұсқаларын таңдай алады: «Қолдау», «Қарсы», «Бейтарап», немесе нұсқаулық бермеу.

Күн тәртібінің негізгі мәселелері:

  1. Акциялардың кері бөлінуін (reverse split) бекіту.
  2. Жарғылық капиталды ұлғайту.
  3. Жай акциялардың номиналды құнын алып тастау.

Құнды қағаздарды бұғаттау қарастырылмаған. Ішінара және бөлек дауыс беруге мүмкіндік бар.
Израиль нарығының талаптарына сәйкес кейбір мәселелер бойынша «Қолдау» немесе «Қарсы» таңдалуы тиіс — «Бейтарап» дауыс беруге рұқсат етілмейді.

Инвесторлар дауыс беру нұсқауларын көрсетілген мерзімге дейін жолдауы қажет.