РФ Қаржы министрлігінің еурооблигациялары бойынша келісім сұрату

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/685/3dc/011/6853dc0114664662995010.png

23.04.2025

РФ Қаржы министрлігінің еурооблигациялары бойынша келісім сұрату (ISIN XS0114288789)

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Clearstream Banking AG, Frankfurt мекемесінен "Келісім сұрату" түріндегі корпоративтік іс-шара туралы хабарлама алғанын мәлімдейді. Бұл іс-шара Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі шығарған еурооблигацияларына (ISIN XS0114288789, 7.5% купон, өтелу мерзімі — 2030 жыл) қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты — айырбасталған немесе кері сатып алынған облигацияларды анықтау. Ол Указ №677 және №416-ФЗ федералдық заң негізінде жүзеге асырылған операцияларды тіркеу үшін ұйымдастырылған.

🔹 Егер облигациялар айырбасталған болса, инвесторлар 001-опция (CONY) арқылы растау жіберуі тиіс. Мұндай позициялар бұғатталады.
🔹 002-опция (NOAC) техникалық сипатта ғана және қабылданбайды.

Қатысу арқылы клиенттер өздеріндегі ақпараттың дұрыстығына кепілдік береді және Clearstream компаниясын ықтимал салдарлар үшін жауапкершіліктен босатады.

Қосымша сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
+7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343)