RUSSIAN FEDERATION 7.50000 31/03/30 USD облигациялары бойынша келісім сұрату (ISIN XS0114288789)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a0/712/207/6a0712207510c586401047.png

14.05.2026

«BCC Invest» АҚ RUSSIAN FEDERATION 7.50000 31/03/30 USD (ISIN XS0114288789) облигациялары бойынша келісім сұрату түріндегі корпоративтік оқиға туралы хабарлайды. Корпоративтік әрекет EUROCLEAR BANK SA/NV бастамасымен Ресей Федерациясы Президентінің №677 Жарлығына байланысты бағалы қағаздарға иелік ету мәртебесін растау мақсатында жүргізілуде.

Инвесторларға келесі нұсқалардың бірін таңдау ұсынылады:
• Option 001 (CONY) — облигацияларға иелік ету ауыстырылғанын/жойылғанын растау;
• Option 002 (CONN) — облигацияларға иелік ету ауыстырылмағанын/жойылмағанын растау;
• Option 003 (NOAC) — ешқандай әрекет жасамау.

Нұсқауларды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 13 мамырдан 17 шілдеге дейін.

Инвестордың әрекеттері:
• облигацияларға иелік ету мәртебесін растау;
• тиісті опцияны таңдап, белгіленген мерзімде нұсқаулық жолдау;
• немесе ешқандай әрекет жасамау.

Қосымша хабарланады, EUROCLEAR тарапынан бұл рәсім міндетті сұрау болып табылады. Жауап берілмеген жағдайда болашақ төлемдерді алу және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін.