Senseonics Holdings Inc акцияларын шоғырландыру (ISIN US81727U1051)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68e/8cd/8d9/68e8cd8d97f19440331713.png

09.10.2025

Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі Clearstream Banking AG, Frankfurt хабарламасына сәйкес Senseonics Holdings Inc (ISIN US81727U1051) эмитентінің акцияларын шоғырландыру (консолидация) корпоративтік әрекеті жүргізілетінін хабарлайды.

Хабарламаға сәйкес, акциялар 1 жаңа акция = 20 ескі акция арақатынасында біріктіріледі.
Бұл операция міндетті сипатта болады.

Корпоративтік әрекеттің негізгі шарттары:

  • Оқиға түрі: Консолидация (Reverse Stock Split).
  • Ауыстыру коэффициенті: 1 жаңа акция = 20 ескі акция.
  • Хабарландыру күні: 2025 жылғы 12 тамыз.
  • Күшіне ену күні: қосымша хабарланады.
  • Номинал валютасы: АҚШ доллары (USD).

Ақпарат Clearstream Banking AG, Frankfurt ұйымынан алынған.
Корпоративтік әрекеттер мен дербес деректерді қорғау туралы толық ақпарат www.clearstream.com сайтында қолжетімді.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
+7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 335, 494, 342, 343).