Taiwan Semiconductor Manufacturing Company Limited акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (ISIN US8740391003)

https://www.bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/6a0/31a/ff1/6a031aff1cf6f019897175.png

11.05.2026

«BCC Invest» АҚ инвесторларды Taiwan Semiconductor Manufacturing Company Limited (ISIN US8740391003) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Корпоративтік оқиға аясында бағалы қағаз иелеріне акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру мүмкіндігі ұсынылады. Инвесторлар «қолдаймын», «қарсымын» деп дауыс бере алады, қалыс қалуға немесе ешқандай әрекет жасамауға құқылы.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
• жылдық есеп пен қаржылық есептілікті бекіту;
• компания жарғысына өзгерістер енгізу;
• активтерді сатып алу немесе иеліктен шығару рәсімдеріне өзгерістер енгізу.

Жиналыс 2026 жылғы 4 маусымда өтеді. Дауыс беруге қатысу үшін инвесторлар белгіленген мерзімде нұсқаулықтарын ұсынуы қажет.

Инвестор әрекеттері:
• «қолдаймын» деп дауыс беру;
• «қарсымын» деп дауыс беру;
• дауыс беруден қалыс қалу;
• өкілді (proxy) тағайындау;
• ешқандай әрекет жасамау.

Қатысу және дауыс беру тәртібі туралы қосымша ақпарат корпоративтік оқиға бойынша ресми хабарламада көрсетілген.