Talphera, Inc. акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (ISIN US00444T2096)

https://bcc-invest.kz/storage/app/uploads/public/68c/2b1/86c/68c2b186c26a9740154836.png

10.09.2025

«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Talphera, Inc. акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетіні туралы CLEARSTREAM BANKING AG, FRANKFURT хабарламасын алғанын хабарлайды.

Жиналыс 2025 жылғы 23 қазанда, сағат 10:00-де (Астана уақытымен) онлайн форматта өтеді: www.virtualshareholdermeeting.com/TLPH2025.

Күн тәртібі мынадай мәселелерді қамтиды:

  1. Директорларды сайлау:
    • Винсент Дж. Анготти,
    • Стивен Дж. Хоффман,
    • Абхинав Джайн.
  2. BPM LLP аудит компаниясын бекіту.
  3. Басшылардың сыйақысын бекіту жөніндегі кеңесші дауыс.
  4. Say on Pay жиілігі бойынша кеңесші дауыс (1, 2 немесе 3 жыл).
  5. Жалпы акциялар опционы жоспарына өзгерістер енгізу.
  6. Қызметкерлердің акцияларды сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу.
  7. Акцияларды кері бөлуді (Reverse Stock Split) мақұлдау.

Акционерлердің дауыс беру мүмкіндігі бар: «Қолдаймын», «Қарсымын», «Бас тартамын», «Әрекет жоқ». Директорларды сайлау кезінде дауыс беру нұсқалары: «Қолдаймын», «Бас тартамын», «Әрекет жоқ».